Қоғам

ҰҚК Алматы әуежайында марихуана тасымалдаған шетелдік бойжеткенді ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы халықаралық әуежайында ірі көлемдегі есірткіні ел аумағына алып өту әрекетінің жолын кесті.

Фото: ҰКҚ

Ведомствоның мәліметінше, операция 30 мамыр күні полиция, кеден органдары және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп жүргізілген.

Тексеру барысында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетел азаматының жүгінен шамамен 21 келі марихуана табылған. Тыйым салынған зат тәркіленіп, күдікті ұсталды.

Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі («Айналымнан алынған немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтердің жария етілмейтінін хабарлады.

Сайт Әкімшілігі