Оқиғалар

ҰҚК Алматы әуежайының түрік менеджерін есірткіге қатысты ұстады

Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті - әкімшілік департаменті басшысының орынбасары - түрік топ-менеджері Уфук Сертті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері есірткі ісі бойынша ұстады.

Фото: 2gis.kz/©Дмитрий Плотников

«Бүгін Алматы әуежайында есірткі ісіне байланысты тінту жүргізілді, әуежай басшылығы орналасқан штаб-пәтерде тергеу шаралары кезінде - Уфук Серт күдікті ретінде ұсталды», - деп жазды  КазТАГ.

Уфук Сертке қатысты басқа қандай да бір мәлімет жоқ.

Фото: 2gis.kz/ © Дмитрий Плотников

Т. РАУШАНҰЛЫ