Қоғам

Украина азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды

Украина азаматы Польшадан Қазақстанға экстрадицияланды - ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болған.

Фото: из открытых источников

Бас прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы күдікті құрған қылмыстық топ Қазақстанда аса ірі көлемде психотроптық заттарды дайындау және сатумен айналысқан.

Тәркіленген заңсыз заттардың көлемі 1 тоннадан асады, ал қара нарықтағы жалпы құны 1,5 миллиард теңгеден асатын еді.

Өткен жылдың тамыз айында күдікті Польшада анықталды. Күні кеше ол елімізге қайтарылды. Қазір ол елорданың уақытша ұстау изоляторында отыр.

Сайт Әкімшілігі