Саясат

Украина мен Ресей «185-ке 185» формуласы бойынша кезекті тұтқын алмасуды жүзеге асырды

Украина мен Ресей әскери тұтқындармен кезекті рет алмасты. Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәліметінше, 2026 жылғы 5 маусымда елге Қарулы күштер, Ұлттық гвардия және Мемлекеттік шекара қызметінің 185 әскери қызметкері, сондай-ақ бір азаматтық тұлға қайтарылған.

Фото: Offizieller Telegram-Kanal des Koordinierungsstabs für die Behandlung von Kriegsgefangenen

Зеленскийдің айтуынша, босатылғандардың арасында Мариуполь мен «Азовсталь» зауытын қорғаған жауынгерлер бар. Олар Донецк, Луганск, Харьков, Херсон, Запорожье, Сумы, Киев және Курск бағыттарында соғысқан. Кейбірі 2022 жылдан бері Ресей тұтқынында болған.

Ресей Қорғаныс министрлігі де тұтқыннан 185 ресейлік әскери қызметкердің босатылғанын растады. Қазіргі уақытта олар Беларусь аумағында. Министрліктің хабарлауынша, тұтқын алмасу Біріккен Араб Әмірліктерінің арағайындығымен Беларусьтің Гомель облысындағы «Новая Гута» өткізу пунктінде өткен.

Бұған дейін Украина мен Ресей арасындағы соңғы тұтқын алмасу 15 мамырда «205-ке 205» формуласы бойынша жүргізілген болатын. Сол күні тараптар қаза тапқан әскери қызметкерлердің мәйіттерін де алмастырған: Ресей Украинаға 526 адамның денесін қайтарса, Украина Ресейге 41 адамның мәйітін берген.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ресей Украина