Саясат

Украина президенті 9 мамыр күні Германияға не үшін барады?

Украина президенті Петр ПОРОШЕНКО 9 мамыр күні Германияға аттанып, канцлер Ангела МЕРКЕЛЬМЕН кездеседі.

Jasalash.kz
Бұл туралы zhasalash.kz сайты Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.«9-10 мамырда Украина президенті Петр Порошенко Германияда ресми сапармен болады. Жоспарланған бағдарлама аясында үш жақты кездесу ұйымдастырылады.  Оған Германияның федералды канцлері Ангела Меркаль мен Франция президенті Эммануэль МАКРОН қатысады. Сондай-ақ, Европа Кеңесінің президенті Дональд ТУСКПЕН кездесуде жоспарланған», — деп хабарланды.9 мамыр күні нацизмге қарсы күрестегі Жеңіс күніне (Украинада ресми түрде Жеңіс күні осылай аталады ) орай салтанатты шараға  қатысады.2015 жылдан бастап Украинада Еуропа елдерінің көпшілігіндегідей, 8 мамыр – еске алу және татулық күні болып белгіленген. Украинада 9 мамырды  жеңіс күні ретінде атап өтетіндердің саны азайып келе жатыр.

Фото: ukraina.ru

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега