Әлеумет

Украинада Ресей шабуылдарынан 5 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланды

9 қыркүйекте Ресей күштерінің Украинаға жасаған әуе шабуылдарынан бірнеше өңірде адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланды.

Фото: ашық дереккөз

Сумы облысында шабуыл салдарынан бес адам қаза тауып, 24 адам жараланған. Оның ішінде Сумы қаласындағы сауда орталығына жасалған соққыдан екі адам қаза болып, 20 адам жараланған. Төрт адамның жағдайы ауыр, зардап шеккендердің арасында жасөспірімдер де бар.

Харьков облысында Ресейдің әуе шабуылдарынан 18 адам жараланғанын облыстық әскери әкімшілік басшысы Олег Синегубов хабарлады.

Киев облысында шабуылдан үш адам жараланып, 32 нысан, оның ішінде 26 тұрғын үй бүлінген.

Днепропетровск облысында да Ресей күштерінің шабуылдары тіркеліп, тұрғындар арасында қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Украина