Қоғам

Украинада теміржол вокзалына шабуыл жасалып, 13 адам қаза тапты

Украинаның Днепр қаласындағы теміржол вокзалына жасалған соққы салдарынан 13 адам қаза тауып, кемінде бес адам жарақат алды.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық әскери әкімшіліктің мәліметінше, шабуыл кезінде вокзал платформасында жолаушылар болған.

РБК-Украина агенттігінің хабарлауынша, Ресей әскері теміржол вокзалына реактивті ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданған. Деректерге сәйкес, соққы вокзал платформаларының біріне тиген. Сол сәтте платформада Днепр – Запорожье бағытымен қатынайтын № 866 электр пойызы тұрған.

Қауіп деңгейі жоғары екені алдын ала жарияланғанына қарамастан, платформада адамдар болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы туралы қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.

Сайт Әкімшілігі