Қоғам

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы кейінге шегерілді.

Фото: ашық дереккөз

24 тамызға сағат 10:00-ге жоспарланған процесс техникалық себептерге байланысты өтпейтін болды.

Соттың баспасөз қызметі келесі отырыстың нақты күні, уақыты мен өтетін орны қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы 18 тамызда басталған. 

Сайт Әкімшілігі