Сот әділдік жағында: Ұлдана Мырзуан ісі бойынша шындықты толық анықтау туралы шешім қабылданды
Астанада 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты қылмыстық іс соттан прокурорға қайтарылды.
Сот материалдарды басқа қылмыстық іспен біріктіру мәселесін шешу қажет деген қорытындыға келген.
Бұған бұған дейін тергеу сотының үйді салған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істі тоқтатуды заңсыз деп тану туралы шешімі себеп болған.
Құрылыс-техникалық сараптама қорытындысына сәйкес, ғимараттың құлауына конструкциялық ақаулар мен құрылыс технологиясының бұзылуы қатар әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты сот істі тек мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасына қатысты қарау әзірге ерте деген ұстаным білдірген.
Еске салайық, Ұлдана Мырзуан сыртқы блоктың құлауынан қаза тапқан еді. Оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.