Әлеумет

Ұлданамен бірге шақыртуға барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ұлданамен бірге шақыртуға барған фельдшер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Фото: скриншот

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта марқұммен бірге оқиға орнына барған әріптесі Дильназ Байзақова куәлік берді.

Оның айтуынша, шақырту кезінде үйінді астында ер адам мен әйел болған. Фельдшерлер оларға көмектесуге әрекет жасаған сәтте үстілеріне құрылыс бөлшектері құлаған.

«Менің үстіме кірпіш құлағанын сездім. Орнымнан тұрып, Ұлданаға қарадым. Ол бетімен жерге қарап жатты. Оны көтергенімде, сау жері жоқ екенін көрдім. Құлағы мен мұрнынан қан ақты», - деді куәгер.



Іс бойынша тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы Сәуле Жұбаниязоваға «міндеттеріне адал қарамау» бабы бойынша айып тағылған.

Сайт Әкімшілігі