Қоғам

Ұлытаулық әйел асырап алған балаларын 5 жыл бойы құлдықта ұстаған

Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желіде Ұлытау облысындағы өгей ананың озбырлығы туралы жазды.

Фото: из открытых источников

"Кеше атқарылған жұмыс кезінде Ұлытау облысында балаларды құл қылған әйел ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", – деп жазды омбудсмен.

Әйел 2018 жылы балалар үйінен екі ұл мен бір қызды асырап алған. Ол кезде балалардың кішісі 8-де, қалғаны 12, 14 жаста болған. Балалардың үлкендеріне қаладан 20 шақырым жердегі фермада мал бақтырған. Комиссия мүшелері балалардың денелері көгеріп, азып-тозып, көз жанары солғанын, киімдері кір, жыртылғанын көріп шошыған. 

Тексеру нәтижесі бойынша, әйел 3 бала үшін жәрдемақы алып келген. 

"Балалардың үлкені – қыз, колледжді тәмамдаған, алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде "оқиды". Құқық қорғау органдары білім мекемесін тексерсе, ата-анасы үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтама беріп отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан", – деп жазды Закиева.

 

Сайт Әкімшілігі