Саясат

Үлкен жетілік елдері Навальныйды босатуға шақырды

"Үлкен жетілік" (G7) елдері Ресей билігінен оппозициянер Алексей Навальныйды тез арада босатуын сұрады.

Jasalash.kz

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

«Біз мыңдаған бейбіт шеруші мен журналистің ұсталуына қатты алаңдаймыз және Ресейді халықаралық және ішкі міндеттемелерін орындауға және 23 қаңтарда бейбіт жиналыстарға өз құқын қорғау үшін өз еркімен шыққан ұсталғандарды босатуға шақырамыз. Полиция күштерінің азаматтардың өз пікірін білдіру құқығын күшпен басуына жол берілмейді», — делінген құжатта.

Министрлер адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Навальныйды ұстау туралы соттың шешімін қолдамағанын мәлімдеді.

«Ресей билігін Навальный мырзаны дереу және сөзсіз босатуға шақырамыз… Біз Ресейдің Навальныйды, наразылық білдірушілер мен журналистерді тез арада босату туралы халықаралық үндеулерге, сондай-ақ Навальныйдың улануын қылмыстық тергеуге қалай жауап беретінін мұқият бақылауды жалғастырамыз», — делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега