Ұлт ұтылған тұс
Кешегі қазақ басқа қазақ… Ел болды, елдігінен айырылмаған, тарпаң болды, бетіне жұртты қаратпаған.
Рухты еді, иілуді білмегенқайратты еді, қаһарлы еді, алмастай лыпып тұрған… Атой шықса, «Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш»деп, бірі қалмай өре түрегелген жұрт еді. Соқтықпалы-соқпақты жолмен жүрді. Тар жол, тайғақ кешті.Өліара шақтар өңменіне сүңгі тіреді. Қырылды. Қырды. Бірақ береке-бірліктің арқасында аман қалды. Елдігін сақтады. Ұлт болып ұйый білді.
Бүгінгі қазақ мүлде басқа қазақ… Рас, сыртқы қалпы сол баяғы. Бірақ ішкі жан дүниесі, болмысы өзгерген. Тілішұбарланған, жігері жүнше түтілген. Тілінің, мәдениетінің,дінінің, дәстүрінің толық иесі болудан қалып бара жатқан қазақ. Ал мұндай ұлттың қазіргіжаһандану дәуірінде болашағы баянды бола қояр ма екен? Қайдам.
Итальянойшылы Н.Макиавелли «Ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан,патриотизм мен имандылықтан айырылып, көнгіш, жалтақ, тілалғыш, жағымпазболады» деген екен. Тағы да солданышпан «Мұндай жұрт кездейсоқ жағдайда табылғанеркіндікті де пайдалана алмайды» дейді. Бұлбіздің ұлтқа қарап айтылған ой емес пе екен?
Қазақтың кеңестік империяның құрамында болғанын сөз етпелік. Ондағы жай белгілі. Бірақ ол заманның өзіндік идеологиясы болды. Және қандай десеңізші.Ерек. Октябренок, пионер, комсомол,коммунист болды. Ал осы буын-буынға бөліп тасталған атаулардың өзі тұтас кеңестік ұрпақты тәрбиеледі. Отанын сүюді, елін-жерін қастерлеуді, үлкен-кішінісыйлауды, адал болуды жадына сіңірді. Бұл идеология өзін-өзі ақтады.
Бізде бұл кеңістік бос тұр. Тәуелсіздік алғалы. Айтылды. Жазылды. Ұлтты ұйытатын темірқазық іздеді. Тапса тірлік басқа болар еді. Таппағаны. Ол ұлттық идея – идеология. Ақиқатқа тіке қарайық. Тілі шұбарланған,тарихын «қаңсық» деп танитын, мәдениетін, салт-дәстүрін менсінбейтін,ұлт мүддесінен жеке бастың қамын жоғары қоятын, рухсыздық дағдарысына түскен, санасы, руханияты отарсыздану үдерісін өткермеген қазақты мүлде өзге деңгейге көтеретін, кешегі қазақтай рухты, биік ететін ұлттық идея жетіспей жатыр.
Бүгінгі қазақ «қазақпын» деп мақтанудан кеткен. Керісінше, арғы атасы аталып, руымақталса, соған елп етеді. «Найманмын», «арғынмын», «адаймын», «албанмын» деседі. Соны мақтаныш көреді. Әгәрәки, руы жөнінде жаман сөз естісе, соны намыс көреді, өре түрегеледі, уәжайтады. Ортадан жарып шығып біреу тізгін ұстаса, бірі «біздің елдің баласы ғой» деп мәз болады, арқаланады, екінші бірі«ана рудың, өзге жүздің баласы» деп күңкілдейді. Күндейді. «Ұлттың беткеұстары, қазақ қой» деп сүйінетіні сирек. Қазақ ХХI ғасырда өмір сүрсе де, осындай рулық, жүздік деңгейден аса алмауда. «Мен қазақпын» деп айтатын белгекөтеріле алмай қойды.
Бір қазақ осылайша қақ бөлініп, мың қазаққа айналып, рулық, жүздік, жершілдік санамен өмір сүруде. Бәлкім, бұл қазақтың өсіп-өркендеуіне үлкен бөгет, аяғына салынған тұсау, мойнына ілінген қамыт болар. Қазақтың айналасында отырған азғана ұлт өкілдерін өзіне сіңіре алмай, олардың ыңғайына қарай өмір сүріп, қажет болса, солардың тілінде сөйлеуге тырысуы, соны мәдениет көруі қырық темірдің қылауынан жиналғандай күйкешуінің кесірі. Осылай бола бермек пе? Жоқ. Ол үшін ұлттық идея керек. Соны толықтыратын идеология қажет. Демек, «Ұлтымыз қандай ұранның, ұлттық мүдденің айналасына топтасуытиіс?» дейтін сауал өз-өзінен туып тұр. «Ұлттық идея отырып-отырып,толғанып, толғатып шығара салатын дүние емес, – дейді белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы. – Ұлттық идея, аты айтып тұрғандай,ұлтымыздың барлық өкіліне, яғни кәріге де, жасқа да, байға да, кедейге депайдасын әкелетін идея болуы тиіс. Оған адам біреудің айтқанымен емес, өзініңтүйсігімен түсініп, жүрегімен сезініп, өз еркімен келуі керек. Сонда ғана бұлұлттық идея болады. Ұлттық идеяға бірауыздан келудің екі жолы бар. Ол –Германиядағы, Жапониядағы секілді қатты дағдарысты бастан өткізіп, халықпенбірлесе, өз позициясын түбірімен өзгертіп, расында, игеріп алып кете алатынсалаға күш жұмсау. Екіншісі – зиялы қауым, ұлт белсенділері мен билік өкілдерібірлесе жиналыс өткізіп, барлық сатыдағы адамдардың жағдайы қаралып, жалпығапайдасын әкелетін шешім тауып, соны жүзеге асыру. Бізге барлығы сенетін,барлығына өзін мойындататын, өзіне сендіріп, болашаққа деген үлкен сенімұялататын ортақ ұлттық идеяның керегі даусыз. Идеясы жоқ мемлекет қай бағыттадамитынын түсінбей, жасөспірім баладай анаған бір қызығып, мынаны бір түртіп,ортада қалып қояды. Ақыры біреудің жемтігіне айналады. Өзіңіз байқап қарасаңыз,кез келген дамыған бай мемлекеттердің бағыты жер байлықтарымен, табиғибайлықтармен шектелмеген. Өйткені қолдануын білмеген соң, жердің асты мұнай меналтынға толып жатқаннан пайда жоқ. Мысалға, Нигерия халқының жағдайын еске алсақжеткілікті. Ал жер астында мұнай түгіл, қарапайым минералдардың өзі кездесебермейтін Жапония әлемдік нарықтың 12 пайызын иемденіп отыр. Олар кезіндетізгінді жастардың қолына ұстатты. Оларды оқытты. Заманауи технологияға бейімдеді.Міне, енді соның жемісін көріп отыр. Қысқасы, жапондар өздерін мұнаймен емес,біліммен асырауда. Ал бізде қозғалатын басты тақырыптар: алдымен – экономика,сосын – саясат, одан қала берсе, шоу-бизнес. Ал білімді, мәдениетті, ұлттыққұндылықтарды қозғай бермейміз. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»дегендей, баспен жұмыс істеуді үйренгенде ғана біз жағдайымызды түзейміз.Жағдай түзелді деген сөз экономикамыздың жақсарғанын білдіреді. Ал экономикасыжақсы елдің саясаты өздігінен дұрысталып, билік пен халықтың арасындағы нағыз үйлесімсонда орнайды.
Әрине, біз саясаттанушының сөзіне уәж айтпаймыз.Ол бүгінгі қазаққа не керек екенін өзінің пайымына салып айтып отыр. Ал жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай біраз жыл бұрын: «Біздің ұлттық санамыз шексіз ғаламды бағыт-бағдарсыз кезіпжүрген қаңғыбас құйрықты жұлдыз тәрізді»,– деген еді. Қазір де пікірі өзгермегенге ұқсайды. «Темірқазық– ұлттық идея. Онсыз алға қадам басқан ұлыс, империя, мемлекет болған емес.«Неге Қытай дүниесі өзінше бір әлем, қалған дүние бір әлем» деген еуропалықтардыңсұрағының астары – Қытайдың ұлттық идеясының тұрақтылығында. Осыдан екі жарыммың жыл бұрын үш патшалықты біріктіріп, орта жазық мемлекетіне ұйыстырған ШиХуанди патшаның «Аспан астындағы дүниенің кіндігі – Қытай», «Бір қытайдыңмүддесі – барша Қытайдың мүддесі», «Бір қытай табаны басқан жерде аспан елініңүлесі бар», «Жердің асты-үсті, аспанда өзгенің үлесі жоқ, тек Қытайдың ғанамүддесі бар», «Дипломатияның басты мақсаты – тіл емізіп, демімен ішке тартып,жібек құрты сияқты кеміріп, ірге кеңейту», «Иероглиф – Қытай тұтастығыныңкепілі» деген ұстанымдар әртүрлі патша әулеттері, қоғамдық құрылымдарауысқанымен де, еш өзгерген жоқ. Тек уақыт ағымына, билік құрылымына,мемлекеттік идеологиялық саясатқа орай іріктеліп, қосылып, нақтыланып отырды.Тіпті «Жер жүзінің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран да сол ұлы Қытайдыңұлттық мүддесіне жұмыс істеді. Соның нәтижесінде дүниенің төрт бұрышына шашырапкеткен хуачияулардың – эмигрант қытайлардың «Қайда жүрсем де, Жунго,жүрегімдесің» атты әнұраны өмірге келді. Бұл әнді Қытайдан сырт жерде жүргенгомиданның да, гунсандаңның да мүшелері, яғни капиталистер де, коммунистер декөзіне жас алып тыңдайды. Олар тапқан тиындарын Қытайдың болашағына салғандарыүшін өздерін бақытты санайды. Қытайдың бүгінгі қарқынында олардың да демеуібар. Міне, тамырынан суарылып, жұлын-жүйкесін меңдеген ұлттық идея деп осыныайтады. Бағдар алатын темірқазық – осы. Абайдың «Біріңді қазақ, біріңді доскөрмесең, істің бәрі бос» деген түпкі аңсары да осында.
Ал біздің қай капиталисіміз,шонжарымыз, байекешіміз сырттың құтын ішке құйып, елін құтайтып отыр?!Керісінше, сыртқа тасып, елді жұтатып жатыр. Абай «Бірлік жанға бірлік, берекегебірлік. Бірлік малға сатылса – антұрғандықтың басы» деп, дәл қазіргімемлекетімізде қалыптасып отырған екі беттік экономикалық, «малға сатылғанодастастықты» айтқан. Саясат пен ақша – ұлттық идеяның іріткісі. Тағы да солАбай «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, сапырылды байлығың, баққан жылқың»деп айтқанындай, «бірлігі жоқ», яғни ұлттық идеясы жоқ, «берекесі жоқ», яғнитәуелсіз экономикасы жоқ, «шын пейілі жоқ», яғни рухани тәуелді, басы байланыпбара жатқан мемлекетте өмір сүріп отырған сияқтымыз. Сондықтан да ұлттық идеядегеніміз – ұлы әрі қатпарлы құбылыс. Ол әр заманның қас-қабағына қарай сыртқытүсін өзгерткенімен, ішкі өзегін сақтап қалатын сол ұлттың тарихи тағдыры.Ұлттық идея қай дәуірде, қандай құрылымда болсын сол ұлттың ұлы өзегі, ұлыұйытқысы, ұлы мүддесі, әр адамның түйсігіне сіңген аңсары болып қала беруі тиіс.
Қазақ тілін мемлекеттік тілретінде жаппай қолдануды ұлттық идея ретінде қабылдайық деген пікір тұрақтыалаңға айналып барады. Ұлы идеяны бұлай ұсақтатуға болмайды. Рас, қазақ тілініңтағдыры жанымызды жанықтырады, жүрегімізді жаралайды, тағдырлы тылсым. Тіл –ұлттық идея деген ұлы ұғымды жүзеге асырудың тұтқалы құралы. Тек тіл ғана«бас-басына би болған өңкей қиқымның» басын біріктіре алмайды. Берекені әрекегеайналдырып отырған да тілдік ала-құлалық. Исмаил Гаспралы айтқандай, «Тіл, дін,діл және күрес мақсаты» бірлігі болмай, ұлттық идея ұйымайды. Егер де дербесұлт, тәуелсіз ел болып қалғымыз келсе, қалайда ұлттық идеяны ұйытуымыз қажет.Онсыз сырттың ықпалынсыз-ақ, іштен іріп тынатынымыз анық. Алла содан сақтасын».
Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай ағамыз ұлттық идеяжайында осылай дейді. Бұдан асырып айту мүмкін бе? Қысқасы,жаһандану дәуірінде жұтылып кетпес үшін бүгінгі қазаққа керек дүние осы.
Күлтегін БЕК