Ұлттық банк несие беру тараптарын қатаңдатудан бас тартты
Ұлттық банк несие беру талаптарын қатаңдатуға қатысты ұсынылған өзгерістерді енгізбеу туралы шешім қабылдады.
Осылайша, қарыз сомасын азаматтың табысына қарай шектеу және несие төлемін кешіктірген қарыз алушыларға қосымша талаптар енгізу туралы нормалар күшіне енбейді.
Дегенмен ипотекалық несиелеу саласында өзгерістер қарастырылған. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары шегі бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленеді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, егер бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30 пайызы немесе одан жоғары болса, ең жоғары мөлшерлеме 20%-дан аспайды. Ал бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болған жағдайда бұл көрсеткіш 25%-ға дейін жетуі мүмкін.
Осылайша, тұтынушылық несие алу шарттары өзгеріссіз қалады. Ал ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме қарыз алушының бастапқы жарнасына қарай сараланып белгіленетін болады.