Саясат

Ұлттық экономика министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Фото: ukimet

Жаңа тағайындауға байланысты ол бұған дейін атқарған Әділет вице-министрі лауазымынан босатылды.

34 жастағы Бекболат Молдабеков Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. Ол Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетін тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы байланыс және ақпараттандыру саласында бастаған.

Әр жылдары Инвестициялар және даму министрлігінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде, сондай-ақ Цифрлық даму министрлігінде қызмет атқарып, цифрландыру мен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен айналысқан.

2022 жылдың қараша айынан бері Әділет вице-министрі қызметін атқарған.

Сайт Әкімшілігі