Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының екі орынбасары қызметінен босатылды

Президент Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының екі орынбасарын қызметінен босатты.

Фото: ҰҚК

Ақорда Тоқаев ҰҚК-де кадрлық өзгерістер жүргізгенін хабарлады. Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Nazym Sapar
Тегтер: ҰҚК