Қоғам

Ұлттық пантеонға Назарбаевтар әулеті жерлене ме?

Астанадағы пантеон аумағында Қазақстан президентінің отбасы мүшелерін жерлеуге тыйым салынуы мүмкін. Жаңа қаулы жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп, талқылауға шығарылды.

Фото: из открытых источников

Пантеон Астана қаласының аумағында орналасқан. 

Қаулы құжатына сәйкес, элиталық зиратқа жерленетін тұлғалардың тізімі өзгертілмек.

Қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай лауазымды адамдар Пантеон аумағында жерленеді:

1) Қазақстан Республикасының президенттері;

2) Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер, Президент әкімшілігінің басшылары, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Сотының және Ұлттық банктің төрағалары;

3) министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

4) «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар;

5) «Алтын қыран», «Отан», «үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;

6) «Кеңес Одағының Батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар;

7) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;

8) Президенттің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;

9) Пантеонда жерлеуге жататын адамдармен олардың қайтыс болған (қаза тапқан) жұбайларын жерлеуге болады

Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі, онда қайтыс болған (қаза тапқан) адам туралы мынадай мәліметтер қамтылады:

1) тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

2) қайтыс болған (қаза тапқан) адамның Пантеонға әкелінген және мәйіт жерленген күндер

Осылайша, Қазақстан президенттерінің отбасы мүшелері, мемлекеттік хатшылар мен Конституциялық кеңес төрағалары Пантеонға жерленетіндер тізімінен шығарылады.

Сайт Әкімшілігі