Без Категории

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ саммитінің қорытынды құжаттарын алдын ала қарады

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтті.

Фото: СІМ

Қаралған құжаттардың мазмұны әзірге жарияланбайды.

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ Саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады, деп хабарлады CІМ.

Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның ұйымға төрағалығы «аймақтағы өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамытуда үлкен жұмыс атқарғанын» айтты. 

Айта кетейік, 2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді.

ҰҮК Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіреді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-әрекетін жүзеге асырады.

Nurbike Beksultan
Тегтер: ШЫҰ