Сараптама

Ұлттық банк қиын жағдайдың түйінін шеше ала ма?

Өткен аптадан басталғантеңгенің құнсыздануы жалғасуда. Бүгін 1 доллар-458 теңгеге тұрақтады.

Jasalash.kz

Наурызайының басынан бері төл валютамыздың 17 пайызға құлдырағанын көрдік.Сарапшылардың айтуынша көк қағаз өсуін қазір тоқтатпақ емес.

   Коронавирустың әлемдік экономикаға әсерітуралы бірнеше рет айтылды. Жасалған болжамдар іс жүзінде көрініс табуыбасталған секілді. Карантинге жабылған көптеген елдер мұнай тұтынуды азайтқан.Бұл өз кезегінде ОПЕК пен Ресейдің арасында 2016 жылы жасасқан келісімін қайтақарауға итермеледі. Бұл келісімге сай мұнайдың барелі 65 доллардан сатылған-ды.Бірақ 6 наурызда Вена қаласындағы мұнай экспорттаушы елдердің штаб пәтеріндекездескен Ресей мен ОПЕК ортақ келісімге келе алмады. Ресей өзіне жасалған барұсыныстан бас тартқан және өздері қалаған көлемде мұнай өндіретінін мәлімдеген.Осыдан соң әлемдік мұнайдың бағасы балерріне 40 долларға, біраз уақыт өткен соң30 долларға төмендеді. Қазір бұл көрсеткіш 25$. Ресей мұнай бағасының түсуіненең көп зардап шегіп жатқан ел, 1$ -80.87 Ресей рубльіне тұрақтады. Не бүлдіріпқойғанын түсінген көршіміз мұнай өндіруші елдермен қайта кездескісі келген,алай да ОПЕК бұдан мән көрмейтінін айтып, Ресейге қатысты қатаң шараларжасайтынын хабарлады.  Бұдан соң әлемніңкөптеген алпауыт елдерінде оның ішінде, Ұлыбритания, Жапон валюталары долларғақатысты едәуір құлдырағанын көруге болады.

    Осы жағдайлардан соң Ұлттық банк «Өткентәулікте жаһандық қаржы нарығындағы валютаның құбылуы айтарлықтай артты. Brentмаркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға төмендеп, бір тәуліктің ішінде14%-ға, жыл басынан бері 60%-дан астамға құлдырады. Әлемдік қор және валютанарықтары құлдырауын жалғастыру үстінде. Ресей рублі бір күннің ішінде 7,3%-ға,ал жылдың басынан бері 30%-ға әлсіреді» деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатаренді биржадағы сауда саттық  франкфуртаукционы үлгісінде жүргізілетінін айтты. Бұл техникалық жағынан теңгеніңайтарлықтай ауытқымауына, бағам динамикасын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндікбереді. Алайда бұл жаңалықтан кейін ақша айырбастау пункттері бірден АҚШвалютасын саудалауды доғарды. Мұның себебін мамандар  доллардың ресми бағамы мен халық сатып алатынбағамның әр түрлі болуында деп түсіндірді. Доллардың өсуі халық арасындаалаңдаушылық тудырып жатыр. Қоғам доллармен бірге азық-түлік бағасы да өседідеп қауіптенеді. Алайда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шеттен келетінимпорттық тауарлардан басқасы қымбаттамайтынын, ең негізгі тұтынатын заттар өзбағасын сақтап қалатынын айтты. Себебі ауыл-шаруашылығы министрлігінің сөзінесенсек өзімізде толық өндірілетін тауардың қымбаттауына еш негіз жоқ екен. Оныңүстіне доллардың қымбаттауы жалғаса берсе теңгені қолдау үшін Ұлттық банктіңАлтын валюта қорынан қосымша ақша аударып интервенция жасауға болады екен.Мұнай бағасы түсе берсе болашаққа деп сақтаған 30-35млрд $-ға қол салуға туракеледі. Алайда мұнымен мамандар келісе бермейді.  Ал экономист Бауыржан Ысқақов «Тек қана мұнайемес, сонымен бірге экономикамызға көп пайда алып келіп жатқан әр түрліметаллдардың да бағасы төмендегенін көруге болады» дейді.  

   Экономист Исаев Илияс теңгенің құлдырауынамұнайдың әсері аз дейді. Қазіргі кездесіп жатқан проблемалардың негізінде 30жылда нарықтық қатынас жасаймыз деп жүріп жіберген қателеріміз жатқанын айтады.«Доллардың бағасы 500 теңгеден, 600-ге дейін жетуі мүмкін. Мұның бәрі қолданжасалған дүниелер. Нарықтық қатынастар орнатамыз деп жүріп, валюталықлеголизация жасап жіберді. Ең негізгі қателеріміз: біріншіден, басшыларымызақшаға қызықты ма, әйтеуір банктерді жекеменшікке беріп жіберді. Мұныырықтандырып, біраз уақыт ұстап тұру керек еді. Мысалы, Өзбекстанда 80-85 пайызбанктер әлі мемлекетке бағынады. Екіншіден, екінің бірі ақша айырбастау пунктінашып алды. Тізгінді жібермей біраз ұстап тұру керек еді» дейді экономист.

«Біздің Ұлттық банк туралызаңымызда қайшылық бар. Ол жерде төлемді тек теңгемен жасайтынымыз айтылған. Бірақбізде долларизация бағамы 42 пайызды көрсетіп тұр. Ол болашақта 50-60 пайызғакөтерілуі мүмкін. Осылай қос валюта жүйесі қалыптасып отыр.  Қазіргідей мәселеге кезіккенде халық Ұлттықбанктен шара күтеді. Бірақ ол валюталық интервенциядан басқа ештеңе істейалмайды. Мәселе – іргелі факторда!» дейді маман.

Ілияс Исаев долларды нарықтанығыстыратын уақыт жеткенін айтады: «Осы сәтті пайдаланып, импорт алмастыруменайналысу қажет. Солай долларды нарықтан ығыстырамыз. Ол үшін Отандық өнеркәсіпкекөп мөлшерде қаржы құйып, бір серпіліс жасау керек» дейді. Бұл мәселені зерттепжүргеніме көп болды деген экономист проблеманың мұнайдың бағасына байланыпқалмағанын, тамыры тереңде жатқанын баса айтты.  Басқа экономист мамандар бұл сөзбен келісеалмайды. Мысалы, экономист Атамұрат Шәменов доллар құнының өсуі белгілі бірдеңгейге дейін жалғасатынын, бірақ экономикадағы өзгерістерге байланыстытұрақталатынын айтады. «Бұған әсер ететін ең негізгі екі фактор: мұнай бағасыжәне Ресеймен экономикалық байланысымыз» дейді А. Шәменов.

Оның үстіне Еуразиялықэкономикалық одақтың шеңберінде, Ресейге шығаратынымыздан гөрі, кіргізетінімізкөп екен. Маман кезігіп отырған мәселені шешу үшін ОПЕК-пен келісімге келуімізкерек екенін айтады.

Думан ТЕРЛІКБАЙ  

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега