«Ұлттық» деген аттан садаға кеткір, Ұлттық кеңес...
Былтыр президент жарлығымен дүниеге келген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жөнінде қоғамда әртүрлі пікір бар.
Дақпырты біраз жерге барғанымен, бұл құрылымды мақтап жатқандар шамалы.Керісінше, «арамтамақ, түк шешпейтін құзыреті жоқ құрылымдардың бірі, қажет емес»дейтіндер жеткілікті. Біздің тілге тиек еткіміз келгені Ұлттық кеңестің не істеп, не қойғаны жайында емес.Кеңес небәрі үш-ақ рет отырыс өткізді. Жалпы, осыдан-ақ бұл құрылымның «жауды жапырып, айранды сапырып», тірлік жасамағанын көруге болады. Ең өкінішті жағдай, «ұлттық» деген атауы бола тұра, бұл кеңестің ұлттың тілінде емес,өзге елдің тілінде сөйлеуі. Үш отырыста да осы жағдай қайталанды. Ең үлкен кінәрат – осы.
Орыстілінде шүлдірлескендер ұлттық мүдде жөнінде өрелі мәселе қозғайды дегенге сенім аз, жоқ десе де болады. Исі қазақтың бұл құрылымға сенбейтіні десондықтан. Тіпті осы кеңеске мүше азаматтар әріптесі, ақынҚазыбек Исаның тіл үшін шырылдап жүргенін жақсыбіледі. Соны қолдау ретінде кеңес отырысында неге қазақ тілінде – мемлекеттік тілде сөйлемеске?! Амал нешік, ұлт тілінде сөйлесек дүние төңкеріліп кетеді дей ме екен, әйтеуір, орыс тілінде орғытқанды жөн көреді. Мұның бәрін көріп, біліп отырған қазақ халқы өзтіліне тіксіне қарайтын, жат елдің тілін ана тіліндей көретін Ұлттық кеңеске қалай сенім артсын?! Әлбетте, «ұлттық» деген аттан садаға кетсін» дері белгілі. Жәнесолай деп жатыр да. Бір мысал, өткен ғасырдың басында Түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемел Ататүрік: «Түркияда тұратын 78 ұлттыңөкілдерін бір тілде – түрік тілінде сөйлеуге шақырамын. Көптілді, көпділді,көпдінді мемлекеттердің өмірі ұзаққа бармайды. Ондай елдердің болашағы жоқ.Сондықтан да біздің Түркия бір-ақ тілде – түрік тілінде сөйлеуге тиіс!» – деп ұран тастады. Содан бері бүгінде 80 миллионнан асқан Түркия жұрты тек түрік тілінде сөйлейді. Өкініштісі, бізде мемлекет тізгінін ұстаған жандардыңешқайсысы бик мінберден «Қазақстанда тұратын 130 ұлт өкілдерін бір тілде – қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын» деп айта алмады.Әзірге ондай ниет те жоқ сияқты. Демек, Ұлттық кеңес теәлі өзге тілде «гәпіре» берері анық.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі отырыстардағы әңгіме тек орыс тілінде жүреді. Бұл жерде халыққа танымал әр саланың мамандары топтасқаны белгілі. Амал қанша, араласу, сөйлесу тілі тек орыс тілі. Әлемде өз Отанында отырып, өзге тілде сөйлейтін екі ел болса, бірі – қазақтар. Ал бір ел болса, ол да қазақтар. Басымызда осындай пұшайман жағдай бар. Оған кім кедергі? Әрине, кеңес заманы болса, Мәскеуді кінәлар едік.Қазір ше? Біз тәуелсіз елміз ғой. Ана тілімізді неге әлпештейалмай отырмыз? Қазақстанда отырған 3,5 миллион орысты, бұған қоса, 3-4 пайыздан аспайтын украин, неміс, белорус т.б. орыстілділерді айыптау артық. Кавказ жұртындай жігерлі, көрші отырған өзбектей алкеуде болсақ, жерімізді мекендеп отырған орысты да, өзгені де қазақша шүлдірлетуге болар еді-ау. Бірақ оған қол жеткізе алмадық. Негізі, жеткізбеді.Жеткізбегендер – өзге жұрт емес, өзіміздің орыстілді қаракөздер. Өз тілінен жерінгендер. Өзтілін өзге тілден кем көргендер. Өзге тілді өз тілінен жоғары қойғандар. Яғни ең бірінші кедергі болғандар осылар. Біздің ең үлкен трагедиямыз осы», – дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің экс-мүшесі Азаматхан Әміртай.
Бұған алып-қосарымыз жоқ. Қадыр Мырза Әлі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқандай, өзге тілді біл, бірақ қаның қазақ болған соң, өз тіліңді қашанда, қай жерде болсын бірінші орынға қой. Бұл – сенің парызың.Өкініштісі, бізде олай болмай тұр.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»