Саясат

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшы тағайындалды

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына қайта тағайындалды.

Jasalash.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022жж. — Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега