Саясат

Ұлттық қорды көбейту керек - Назарбаев

Экономикалық қиын жағдайларға қарамастан,«Самұрық-Қазына» қоры үкіметке дивидендтер төлеуге дайын«Самұрық-Қазына»ұлттық әл-ауқат қоры экономикалық қиын жағдайға қарамастан үкімет алдындағыдивидендтер төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға дайын.

Jasalash.kz

Бұл туралы«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасыАхметжан Есімов мәлімдеді. 

«Мен қордың дивидендтік саясатына тоқталғым келеді. Экономикадағы қиынжағдайларға қарамастан қор жалғыз акционер – үкімет алдындағы дивидендтердітөлеу бойынша өз міндеттемелерін орындауға дайын. Биыл бұл 120 миллиард теңгеніқұрайды», – деді Есімов Қазақстанның тұңғыш президенті НұрсұлтанНазарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқатқорын басқару жөніндегі кеңес отырысында.

Өз кезегінде Назарбаев ұлттық қорды көбейту қажеттігін ескертті.

"Ұлттық қорды ортақ күштер арқылы көбейтуіміз керек. Бұл бізге қажетболады. Болашақта бізді не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Мұндай вирус пайдаболатынын ешкім де білмеді", – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы ұлттық әл-ауқат қорына экономиканы қалпына келтіру менодан әрі дамытуда басты рөл берілгенін атап өтті.

"Қор компанияларының жиынтық активтері 28 триллион теңгеге жетті – бұлЖІӨ-нің 40%-ін құрайды. Өткен жылы «Самұрық-Қазына» АҚкөрсеткіштерінің оң динамикасы 2020 жылға арналған белгілі бір резерв қалыптастыруғамүмкіндік берді", – деді Назарбаев.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега