Ұлы тұлғалар атындағы орталық көшелер өзгермейді
Кейбір облыс орталықтарындағы орталық көшелер Нұрсұлтан Назарбаев атына ауыспайтын болды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысында айтылды. 2019 жылғы 20 наурызда өткен комиссияның отырысында бірқатар жергілікті мәслихаттардың облыстық қалалардың орталық көшелерін қайта атау туралы шешімдері қаралды. Комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелерін ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы шешімдерін қолдады.Сонымен бірге, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелерді қайта қарауды ұсынды.Өйткені, бұл қалалардағы орталық көшелердің атауы ұлы Абайдың (Қостанай), ұлы ғалым Қаныш Сәтпаевтың (Атырау) және қазақтың мемлекеттілік тарихында зор із қалдырған Әбілқайыр хан (Ақтөбе) мен Төле билердің (Тараз) атында.Естеріңізге сала кетейік, кеше, 20 наурызда ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстанның ірі қалаларының орталық көшелерін Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынған.Фото: abaialemi.blogspot.com