Қоғам

«Үнсіздігі үшін»: Шымкент әкімдігінің блогерге 10 млн теңге бергені рас па?

Әлеуметтік желілерде шымкенттік блогер Арай Есенбектің ісіне қатысты жаңа видео пайда болды. Бұған дейін ол әкімдіктен ақша бопсалады деген айыппен 5 жылға сотталған еді.

Видео-скрин

Желіде тараған кадрларда мейрамхана ішінде әйел адамның ер адамға пакет бергені көрінеді. Видеодағы дауысқа ұқсас адамның «Ананы сөмкеңе салып қой» деген сөзі естіледі.

Жазба авторы Оңғар Қабденнің мәліметінше, бұл кездесуде әкімдік өкілдері блогерді шақырып, оның «үнсіздігі» үшін 10 млн теңге бермек болған. Оның айтуынша, ақшаны сотта жәбірленуші ретінде танылған әкімдік қызметкері жеткізген.

Сонымен қатар ол аталған адамның сот барысында әкімнің штаттан тыс кеңесшісі екенін айтқанын, ал жанында әкімдікке қатысты оператор болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл ақпарат ресми органдар тарапынан әзірге расталған жоқ.

Сайт Әкімшілігі