Видео

ҰҚК есірткі арнасымен байланысы бар деген 15 адам ұсталды

ҰҚК арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі тәркіленген, — деп хабарлайды «Жас Алашқа» ҰҚК баспасөз қызметі.

Jasalash.kz

2022 жылғы сәуір мен мамырда ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтері және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізген. ҰҚК мәліметінше, есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылған. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхана әшкереленіп, жұмысы тоқтатылған.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. Заңсыз айналымнан барлығы 223 келі есірткі, оның ішінде: 90 келі синтетикалық есірткі (270 мың „бір реттік мөлшерге“ тең), 85.2 келі марихуана, 14 келі апиын, 4 келі гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази  таблеткасы, 500 түп „голланд“ марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды», — делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега