ҰҚК Қазақстанның 10 өңірінен 45 атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымына қарсы жедел іс-шаралар жүргізді.
Нәтижесінде ел аумағынан ондаған атыс қаруы, граната мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
2026 жылғы қазан-қараша айларында өткен операция Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарын, сондай-ақ Абай және Жетісу өңірлерін қамтыды.
Тексеру барысында барлығы 45 атыс қаруы анықталды. Олардың арасында бес автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар. Бұдан бөлек, 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге мәлімет жарияланбайды.
ҰҚК бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын хабарлады.