Саясат

ҰҚК қызметкеріне пара бермек болған Қытай азаматтары ұсталды

Атырау облысындаҰлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне пара бермек болған Қытайазаматтары ұсталды.

Jasalash.kz

Бұл жөнінде ҰҚКбаспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың 19-шы қарашасында Ұлттық қауіпсіздікқызметінің Атырау облыстық департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тереусотының санкциясымен ҰҚК қызметкеріне 2 миллион теңге пара беру барысында екіҚытай азаматы ұстап, тергеу изоляторына қамады», — делінген ведомства таратқанмәлімдемеде.

ҰҚК мәліметінше,пара Атырау аумағында заңсыз жұмыс істеген шетел азаматының ісін сотта жағымдыжағынан көрсету үшін берілген. Бұдан бөлек, шетелдіктер ҰҚК қызметкеріне алдағыуақытта да Қытай азаматтарына қамқорлық жасағаны үшін айына 200 мың теңгесыйақы беріп тұруға ұсыныс жасаған. Ұсталған азаматтар өз кінәларын мойындаған.Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега