Үш облысқа карантин режимін күшейту тапсырылды
Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында карантин ережелерікүшейтілуі мүмкін, — деп хабарлайды «Жас Алаш» премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министрдіңорынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясыныңтаралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысындаеліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарыменқамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқада өзекті мәселелер қаралды.
Денсаулық сақтауминистрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларынжеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасары БатысҚазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінеөңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылаудыкүшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастырудытапсырды.
"Өңірәкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылаудаұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталғанкемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шараларазаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды", — дедіЕралы Тоғжанов.