Қоғам

Ұшақ бортында жолаушының 7,6 млн теңгесін ұрлап кеткен шетел азаматтары ұсталды

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе рейсінде жасалған ірі көлемдегі ұрлықты жедел ашып, күдіктілерді ұстады.

Фото: Полиция

Polisia.kz мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы анықталған.

Тергеудің алдын ала деректеріне сәйкес, олар Шымкент-Астана бағытындағы рейс барысында жолаушының салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 миллион теңгені жасырын түрде қолды еткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олар қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталғандар өз кінәларын мойындап, қамауға алынған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар құқық қорғау органдары күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Полицияның жедел әрекетінің арқасында ұрланған қаражат толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.

Сайт Әкімшілігі