«Ұшақ апаты экипаж қателігінен болуы мүмкін»
Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫНБАЕВ Bek Air ұшағының апатына қатысты пікірбілдірді.
Министрдің айтуынша, қар мен күннің суық болғандығынан от тұтанбады.Ал апат кезінде бактағы жанармай төгілген екен.
«Қазіргі ұшақ апатынақатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты үш нұсқамыз бар. Біріншісі – ұшақ экипажының қателігі. Екінші – ұшақтағы техникалық ақау. Үшінші– әуежайдың навигациялық қызметінің қателігі. Бүгінде 5-6 техникалық сараптамажасалып жатыр. Ұшақты жасаған зауыттан мамандар келді. Олар біздіңсарапшылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сараптамалар біткеннен кейіннәтижесін айтамыз», — деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Bek Air авикомпаниясының ұшағы 27желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласына ұшуы керек еді. Алайда әуеге көтілмей жатып,Алматы облысындағы Гүлдала ауылына құлады. Ұшақта 95 жолаушы және 5 экипажмүшесі болған еді. 12 адам қаза тауып, 49 адам ауруханаға түсті. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 28 желтоқсанды жалпыхалықтық аза тұту күні депжариялады.
Фото: turantimes.kz