Әлеумет

Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына беріледі

Мақұлданған заң жобасы абоненттік құрылғыларды верификациялауға мемлекеттік монополияны бекітеді, сондай-ақ ұялы телефондар нарығын «тазарту» шараларын енгізеді.

Фото: pixabay.com

Бұл бастама тұтынушыларға сатып алынатын құрылғылардың түпнұсқалығы мен сапасына кепілдік беруге, қоғамдық және жеке қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бизнес үшін адал бәсекелестік пен ашық баға қалыптастыруға жағдай жасалып, мемлекет кедендік бақылауды күшейтіп, ұялы телефон ұрлығының санын азайта алады.

Құжатта телефон алаяқтығын анықтау және оның жолын кесу, деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ телекоммуникация саласына жаңа технологияларды енгізу үшін ақпараттық-талдау жұмыстарын күшейту шаралары да қарастырылған.

Бұдан бөлек, халықаралық трафик транзитін орталықтандырылған басқару жүйелерін айналып өтіп ұйымдастыруға, рұқсат етілмеген трафик өткізуге және байланыс желілерін заңсыз пайдалануға тыйым салу ұсынылып отыр.

Сайт Әкімшілігі