Шолу

Вашингтонда Қазақстан-АҚШ бизнес форумы өтті

АҚШ астанасы Вашингтонда B20 саммиті аясында Қазақстан мен АҚШ-тың іскерлік топтары бас қосып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

www.gov.kz

"Стратегиялық әріптестіктен нақты жобаларға" атты бизнес-форумды Қазақстан Сыртқы істер министрлігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және АҚШ Сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жиынға Қазақстан мен АҚШ-тың мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары, қаржы институттары және бизнес өкілдері қатысты. Қазақстандық делегация құрамында президенттің арнайы өкілі Ержан Қазыхан, Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және "Атамекен" палатасының басшысы Қанат Шарлапаев болды. Ал америкалық тараптан 100-ден астам компанияның өкілдері қатысты.

Кездесуде көлік-логистика, энергетика, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, цифрлық және қаржы технологиялары, жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалар сөз болды.Әсіресе өндірісті жергіліктендіру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және қазақстандық кәсіпорындарды халықаралық өндірістік тізбектерге қосу мәселелеріне басымдық берілді.

Қазақстан тарапы инфрақұрылымды дамыту мен жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған жобаларды таныстырып, америкалық инвесторларды оларды жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.

Келіссөз нәтижесінде сауда-инвестициялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша бірқатар келісімге қол қойылды.

Сайт Әкімшілігі