Қоғам

Вашингтондағы кеште оқ атқан күдіктіге Трампты өлтірмек болды деген айып тағылды

Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында болған атысқа байланысты күдікті Коул Томас Алленге АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасауға әрекеттенді деген айып тағылды.

Donald Trump/Truth Social

Сонымен қатар оған қылмыс жасау кезінде атыс қаруын қолдану және ауыр қылмыс жасау мақсатында қаруды штаттар арасында тасымалдау баптары бойынша да айып тағылды. АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, егер оның кінәсі дәлелденсе, бұл айыптар бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Аллен өзіне тағылған үш айыптың барлығын жоққа шығарып отыр.

Федералдық прокурордың сот отырысындағы мәліметіне сәйкес, Коул Аллен бірнеше штат арқылы арнайы осы қастандықты жүзеге асыру үшін барған. Оның жанынан 12-калибрлі помпалы мылтық, үш пышақ және өзге де қарулар табылған.

Оқиға 26 сәуірге қараған түні Washington Hilton қонақ үйінің банкет залында болған. 31 жастағы мұғалім Коул Аллен осы қонақүйден алдын ала бөлме брондап, зал кіреберісіндегі қауіпсіздік бекетіне жақындаған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол күзет аймағына қарумен кірмек болған сәтте АҚШ Құпия қызметінің қызметкеріне оқ атқан. Қызметкер оқ өткізбейтін кеудешенің арқасында аман қалған. Күдікті сол жерде ұсталды.

Сайт Әкімшілігі