Венесуэла америкалық компанияға 17 мұнай кен орнын 100 жылға берді
Венесуэланың уақытша билігі америкалық North American Blue Energy Partners (NABEP) мұнай компаниясына елдегі 17 кен орнын 100 жылға пайдалануға берді.
Олардың дәлелденген қоры шамамен 65 млрд баррель деп бағаланады.
Келісім шарттарына сәйкес, NABEP алғашқы 25 жыл ішінде өндіріс көлемінің өсуіне қарай Венесуэла үкіметіне роялти мен салық түрінде шамамен 200 млрд доллар төлеуі тиіс.
Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаментіне компания өндірген мұнайдың 20%-ын өзіндік құнымен сатып алу құқығы берілген. Бұл мұнай АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын толықтыруға және америкалық қарулы күштердің қажеттілігіне жұмсалмақ.
Өндірілетін мұнайдың қалған 80%-ы да америкалық сатып алушыларға басымдықпен ұсынылады.
Келісім аясында Венесуэланың мұнай инфрақұрылымын америкалық компаниялардың қатысуымен дамыту көзделген. Өндірілген мұнай АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарында қайта өңделеді.