Әлеумет

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3500-ден асты

Венесуэлада 25 маусымға қараған түні болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кемінде 3535 адамға жетті.

Фото: AP Photo

 Бұл туралы 6 шілде күні ел парламентінің спикері Хорхе Родригес мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Венесуэла билігі әзірге хабар-ошарсыз кеткендердің нақты санын жариялаған жоқ. Ал БҰҰ-ның бағалауынша, із-түзсіз жоғалғандар саны 50 мың адамға дейін жетуі ықтимал.

125 жылдағы ең күшті жер сілкінісі

24 маусым күні Венесуэланың солтүстігінде, астана Каракастың батысында бір-бірінен небәрі 39 секунд аралықпен магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Бұл – соңғы 125 жылдағы елдегі ең қуатты сейсмикалық апат саналады.

Жер сілкіністерінен кейін ондаған афтершок болып, көптеген тұрғын үй қирады.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңір – Ла-Гуайра штаты. Мұнда елдің халықаралық әуежайы мен ең ірі теңіз порты орналасқан.

Оқиғадан кейін Венесуэла билігі төтенше жағдай жариялап, елде жеті күндік аза тұту енгізді.

Сайт Әкімшілігі