Әлеумет

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 430 адамға жетті

Венесуэлада болған алапат жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1 430 адамға дейін өсті. Тағы 3 238 адам түрлі жарақат алған.

Фото: AP Photo

Қазіргі уақытта 55 мыңнан астам адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Құтқарушылар тәулік бойы іздестіру және құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Табиғи апат салдарынан 383 ғимарат, 13 аурухана және 25 сауда орталығы қирап, елеулі зақым алған. Билік өкілдері зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай режимін күшейтіп, тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі