Вице-министр ғылыми атағына байланысты айыптауға жауап қатты
Қазақстанның ғылым және білімминистрінің орынбасары Фатима ЖАҚЫПОВА өзінің іскерлік беделін қорғаумақсатында сотқа талап-арыз жолдады.
Бұл туралы шенеунік facebook.comәлеуметтік желісінде жазды. «Жас АЛАШ»
Кеше 16 қыркүйек күні «Жас АЛАШ»сайтында Жақыпова «жалғанғалым» ба?атты мақала шыққан еді. Ол жерде аталған министрліктіңдепартамент басшысы Анар ҚАЙЫРБЕКОВА вице-министрдің докторлык диссертациясынөзі жазғанына күдік келтіреді. «Жас АЛАШ»бүгін екінші тараптың сөзін ұсынбақшы.
«Бірқатар бұқаралықақпарат құралдары, әлеуметтік желіде сыбайлас жемқорлық және ғылыми дәреже менатақты заңсыз тағайындау туралы маған қатысты айыптаумен ақпарат таратылуда.Бүгін Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы диссертацияны тексерді.Қазақстанда орындалатын ғылыми еңбектердің плагиатына тексерудің жалғызбағдарламасы тек аталған орталықта бар. Анықтама скриншотын назарларыңызға ұсынамын.Мен, өзімнің мыңдаған әріптестерім сияқты, ғылымкандидатының, ғылым докторының дәрежелерін алудың барлық кезеңдерінен: жұмыстыкафедрада талқылаудан, сарапшылардың және оппоненттердің көпшілік алдындақорғауға дейінгі сатыларынан толығымен өттім.Жалпы, диссертацияларға қойылатын талаптар жәнеғылыми кадрларды даярлау жүйесі жөнінде айтар болсам, 2011 жылдан бастапҚазақстан кандидаттық және докторлық дәрежелерден бас тартып, толықтайфилософия докторы — PhD дәрежесіне ауысты. Диссертациялық жұмыстарға қойылатынталаптар өзгерді, басылымдарға және дәйексөз алуға қатысты халықаралықұстанымдар қосылды.Нақты айтып кететін тағы бір жағдай: 2011 жылғадейін ғылыми дәрежелер беру сол кездегі Ережелерге сәйкес диссертациялардыАнтиплагиат бағдарламасы арқылы тексеру мүлдем болған жоқ, ол тек жаңа жүйесоңғы жаңа ережелерде көрсетіліп, философия докторы — PhD дәрежесіне ғанақолданыла бастады.Иә, бұл алға басқан дұрыс қадам болды. Бірақ ешбіржағдайда да еліміздің мыңдаған ғалымдарының – менің әріптестерімнің ғылымиеңбектерін сынау мен оларды жоққа шығару мақсатында емес!2011 жылға дейін ғылыми дәрежелер ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы №16бұйрығымен бекітілген және 2011 жылға дейін әрекет еткен ережелерге сәйкес,берілді. Осылайша, 10-шы тармаққа сәйкес, автор жаңа шешімдерді нақты түрдедәлелдеуге және белгілі шешімдерге қарағанда, сыни бағалауы тиіс болатын.Сонымен қатар, авторларға ұйымдардан ғылыми тұжырымдардың тәжірибелік мәнділігіжәне ғылыми тұжырымдарды пайдалану бойынша кеңестер ұсынылатын.Аталған Ереженің 11-шы тармағында диссертацияныңнегізгі мазмұны кемінде 30 ғылыми еңбекте, олардың ішінде, 10 жеке, 3 шетелдікғылыми басылымдарда және 10 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіБілім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестаттау комитетімен бекітілгентізбедегі (кемінде бес әр түрлі атаулар) басылымдарда жариялануы айтылған. Менаталған талаптарды толығымен сақтай отырып, еңбектерімді тиісті жарияланымдардабасып шығардым. Сонымен қатар, кез-келген адам, автордың қорғауға ұсынғанережелерімен ашық түрде танысуға болады.
Фото: bilimdinews.kz