Саясат

«Вице-министр» ісі 6 млн айыппұлмен аяқталды

Бүгінелорданың Есіл ауданының №2 сотында Білім және ғылым министрінің бұрынғыорынбасары Эльмира СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ ісі бойынша сот үкімі шықты.

Jasalash.kz

Істі судьяБақытжан ЕСЕНОВ жүргізді. Бұл туралы «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Вице-министр6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотыныңшешімімен екі айға қамауға алынған болатын. Шенеунік «қызметтік лауазымынасыра пайдаланды» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген баптар бойыншаайыпталған.

Соттыпрокурор Нұрлан БЕКМАҒАМБЕТОВ тергеу материалдарын жариялады. Вице-министрЭльмира Суханбердиева №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры ЕленаШЕВЕРНЯЕВАМЕН бірлесіп заңға қайшы әреке жасаған. Олар мемлекеттік мектептіңғимаратында «Центральная» атты жекеменшік экономикалық мектеп ашқан еді. Бұлоқушыларды қабылдау кезінде кері әсерін тигізген.

Күдіктілеркінәні тергеу кезінде мойындаған. Судья ЭльмираСуханбердиеваға 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (6 312 500 теңге),Елена Шеверняеваға 500 АЕК мөлшерінде (1 262 500 теңге) айыппұл салып, бұрынғывице-министр сот залында босатылды. Айтпақшы, қос сотталушыныда мемлекеттікқызметте жұмыс жасауға тыйым салынды.

Фото:sputniknews.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега