Волгоградта Ресейдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі өртенді
Ресейдің Волгоград қаласында дрон шабуылынан кейін елдегі ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі – "ЛУКОЙЛ-Волгограднефтепереработка" зауытында өрт болды.
Astra басылымының хабарлауынша, шабуыл кезінде қала тұрғындары бірнеше жарылысты естіген. Сондай-ақ әуе шабуылына қарсы мобильді атыс топтарының жұмысы байқалған. Оқиғадан кейін Волгоградтағы жанармай құю бекеттерінде көлік кезегі пайда болған.
Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаровтың мәлімдеуінше, дрондардың құлаған сынықтары қаланың оңтүстік өнеркәсіп аймағындағы кәсіпорын аумағында бірнеше шағын өрт ошағын тудырған.