WSJ: Иранда АҚШ-пен келіссөздерге байланысты ішкі алауыздық күшейген
Иран билігі элитасында АҚШ-пен келісімге келу үшін жасалуы мүмкін ымыраларға қатысты келіспеушіліктер күшейіп жатыр.
Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) дереккөздер мен сарапшыларға сілтеме жасап хабарлады.
Басылым мәліметінше, қайшылықтар сәуір айының басындағы келіссөздер кезінде-ақ байқалған, алайда осы аптада айтарлықтай ушыға түскен. Делдалдардың айтуынша, ирандық тарап негізгі сұрақтарға бұлтарып жауап бере бастаған.
Соғыс кезеңінде билік бірлік танытқанымен, қазір бітім аясында санкцияларды алып тастау мәселесі алдыңғы орынға шықты. Бұл күрделі ымыраларды талап етеді және ішкі пікірталастарды күшейткен.
Негізгі тартыс Ислам ревалюциясы сақшылар (ИРСК) ішіндегі қатаң ұстанымдағы топтар мен экономиканы қалпына келтіруге мүдделі азаматтық шенеуніктер арасында жүріп жатыр. WSJ дерегінше, ИРСК өкілдері келіссөз жүргізушілерге қысым жасап, ешқандай жеңілдікке бармауды талап етуде.
Сынға ұшыраған тұлғалардың қатарында парламент спикері Мохаммад-Багер Галибаф пен сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бар. Олар ядролық бағдарлама мәселесін талқылауға дайын екені үшін сынға қалған.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осы ішкі алауыздық АҚШ-пен келіссөздердің ілгерілеуін тежеп отыр. Сонымен қатар жағдайды билікті біріктіре алатын күшті көшбасшының болмауы қиындатады.
Ресми түрде елдің жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи болып қала береді. Алайда ол қызметке тағайындалғаннан бері көпшілік алдына шықпаған. Иран СІМ бұл жағдайды қауіпсіздік ахуалымен түсіндіріп отыр.