Саясат

"Йеменге шабуыл жасасаңдар, ұзақ ойланбаймыз": Хуситтер АҚШ-қа ескерту жасады

Хуситтер АҚШ Йеменге қарсы әскери әрекеттерге қатысқан жағдайда, оған тез арада жауап беретінін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

"Егер АҚШ Йеменге қарсы басқыншылыққа қатысса, біз жауап беру туралы шешімді ұзақ ойланбаймыз. Оның орнына АҚШ-қа және аймақтағы барлық мүдделеріне бағытталған жедел әрі ауыр соққы жасалады", – деді хуситтердің саяси бюросының мүшесі Мұхаммед әл-Бухейти Agence France-Presse ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ Сауд Арабиясындағы мұнай нысандары мен әуежайлардың қызметкерлеріне ескерту жасады.

"Сауд Арабиясындағы мұнай нысандары мен әуежайлардың барлық қызметкері бұл нысандардан аулақ болуы керек. Өйткені енді олар заңды нысанаға айналды", – деді әл-Бухейти.
Сайт Әкімшілігі