Әлеумет

Ыстық су және Қызылорданың сегіз әкімі

Қызылорда қаласы тұрғындарының барлығы дерлік ыстықсуға зәру. Совет кезінде ғана болған бұл игілік тәуелсіздік алғалы жоғалды.

Jasalash.kz

Қаншама әкім, қаншама шенді отыз жылдан бері бұл мәселені толық шеше алмайкеледі. Ал еліміздегі ыстық сумен 100 пайыз қамтылмаған облыс орталығы  тек Қызылорда қаласы ғана екен.

Тәуелсіздік алғалы бері Қызылорда облысын сегіз әкімбасқарды. Іскер деп көп мақтау естіген Бердібек САПАРБАЕВ, Мұхтар Құл-МҰХАММЕД,Қырымбек КӨШЕРБАЕВ сынды шенеуніктер де бұл мәселені шеше алмады.

«Қалай совет үкіметі құлады,содан бері ыстық су берілмейді. 2013 жылы Көшербаев келген кезде бірінші мәселеыстық су мен ауыз су мәселесін шешемін деген. Ауыз су да дұрыс емес, ыстық суда жоқ, сонымен 6 жыл өтіп барады», — дейді қала тұрғыны Ғани ӘЛИЕВ.

Амал жоқ, арнайы құрылғы қойып, суды тоқпен жылытатынхалық шығынға шаш етектен бататындарын айтады. Жылу жүйесі басшылығының өзіыстық суға қосылу тұрғындарға өте тиімді дейді. Айтуларынша қаладағы 700-гежуық көп қабатты үйдің тек  140 үйі ғанаыстық суға қосылу мүмкіндігі бар. Бүгінде 16 үйдің тұрғындары ыстық суды пайдаланыпотыр екен.

«Ыстық су жүйелері қондырылғантек  жаңа үйлер. Ал қалған көп қабаттыүйлерде ыстық су қосуға ешқандай мүмкіндік жоқ қазір. Оны алу үшін толық модернизацияжасап, тұрғындар толық өтініш білдірген жағдайда мүмкіндік бар», — дейдіҚызылорда жылу электр орталығы жылу жүйелерінің басшысы Бақытжан МОЛДЫИМАНОВ.

Басшының айтуынша ел ыстық судың игілігін көру үшінқаладағы 70 пайызға жуық көп қабатты тұрғын үйлерге қайта жаңғырту жұмыстарынжүргізу керек. Соған қарағанда, қызылордалықтарға жылы суға қос қолды малыпотыру бүгін-ертең бұйырмайтыны анық. Бәлкім Қуанышбек ЫСҚАҚОВ алдындағы жетіәкім жасай алмаған шаруаны бітіріп, ыстық су арқылы елдің ыстық ықласынабөленер.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега