Саясат

Заманауи терроризм құбылысының қауіптілігі қандай?

Қазіргітаңдағы «замануи терроризм» ұғымы біріншіден саяси феномен екенін мойындауымызқажет.

Jasalash.kz

Жаңа заманда «соғыс», яғни, қарулы әскери агрессия халықаралық құқықнормалары бойынша заңсыз тыйым салынған әрекет болып саналады. Сондықтанбүгіндері астыртын, қарусыз соғыстың жаңа форматтағы әдістері дамып жатыр. Алосы әдістердің айқын көрінісі «терроризмді» саяси құрал ретінде пайдалану болыпотыр. Бүгінгі «заманауи терроризмнің» ерекшелігі – оның артында кім тұрғанын,қандай мақсатты көздегенінің жасырын болуында. Әдетте бұл адамзатқа қауіпті,зиян іс-әрекеттің «орындаушылары» өздерінің не істеп, не қойып жатқанынтүсінбейтін, білмейтін «діни догмалардың» арбауына түскен қуыршақтар болады.Мұндай террорлық актілердің нақты қандай мақсатты көздегені жылдар өткенненкейін ғана сарапшы мамандардың зерттеу жұмыстарының көмегімен ашылып жатады.Қазіргі саяси – құқықтық құндылықтар жүйесі ақпараттық қоғам формациясыныңэкспансиялық әсерінен өзгерістерге ұшырап, қайта бағамдалып жатқан сәтте«замануи терроризм» құбылысы өзі пайда болған барлық жерде «мультипликативтіэффекті» тудырып жатыр. Қоғамдық пікір мен саяси билік арасындағы байланыста,әдетте тікелей бағытқа ие манипулияциялық әдістерде жанама атқарушылықтабиғатқа ие болып, түр өзгертуде. Мәселен «қорғау», «қауіпсізденіру» желеуіментерроризмнің «жасырын» саяси – экономикалық мақсаттарға қызмет еткеніс-әрекеттерін ақтау. Осындай жасырын мақсаттарды көздеген террорлық актілердіорындау үшін алғышарт ретінде «құрастырмалы қауіп», «секьюритизация» әдісіқолданылады. Яғни әлеуметтік, мәдени немесе саяси құбылыс пен тақырыпты «өзектіішкі немесе сыртқы қауіпсіздік» деңгейіне дейін көтеру. Батыстық бірқатарсарапшылардың пікірінше, «құрастырмалы (конструктивті) қауіп, үрей» көпшілікжағдайда қауіпсіздікке қатысы жоқ тақырыптарды «қауіпті», «қорқынышты» етумен байланысты дейді. Қысқаша айтқанда, бүгіндері терроризм террорғатеңелген. Мәселен, әлемде жол үстінде көлік апатынан қайтыс болған адамдардыңсаны «халықаралық терроризмнің» салдарынан қайтыс болған адамдардың санынан мыңесе артып түседі. Алайда сіздің санаңызда жол мен автокөліктің қауіптілігіненгөрі, террористік актінің қауіптілік үрей тудыру перспективасы басым. Бұл медиамен саяси құралдар арқылы сіз бен біздің санамызға салынып жатқан «үрей» мен«қорқыныштың» проекциясы.  Терроризм қауіпті және қорқынышты, алайдамәселе әрбір террордың артында жасырынған «үлкен террор» бар екендігінде.«Замануи терроризм» құбылысы ашық манипулияциялық табиғатынан бөлек,азаматтардың санасына және саяси режимдерге әсері арқылы өз кезегінде«секьюритизациялық» эффекті тудырады. Мәселен, кезінде дәл осындай мысалмен АҚШсаяси авантюралар жасап, Ауғанстан мен Ирак, кешегі Сирия мемлекеттерініңжеріне басып кіріп, Таяу Шығыс аймағында саяси – әлеуметтік балансты бұзғанболатын. Кез келген мемлекет пен саяси күштен жасанды құбыжық – «Левиафан»жасау «замануи терроризмге» тапсырыс берушілерге таптырмас құрал.  «ОРТААЗИЯ ЕЛДЕРІ РЕСЕЙМЕН БІРГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ТҰРУЫ КЕРЕК» ДЕГЕНТЕЗИС ЭКПАНСИЯЛАНУДА. Мысалы, біздің бүгінгі ақпараттық кеңістігімізде ОртаАзия елдеріне халықаралық террористік ұйымдар тарапынан төнетін қауіп-қатеріжиі жазылуда. Кешегі Сирия жерінде күйреуге ұшыраған «ДАИШ» секілді ұйымдардыңОрта Азия мен Орталық Азия аймағына локация ауыстыруы халықаралыққауіпсіздіктің күн тәртібінде тұрған мәселелерінің бірі. Дегенмен Орта Азиядағыдіни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері туралы ақпараттарды сараптасақ,олар да  біржақты ақпараттық табиғат, бір сарындылық басым екенібайқалады.  «Орта Азия елдері Ресеймен бірге халықаралық терроризмге қарсытұруы керек» деген тезис экпансиялануда.  Ресей  – аймақтағы беделді,маңызды ойыншы.  Оның үстіне Ауғанстан жерінен бастау алатын созылмалыдеңгейге жеткен террористік, экстремистік мәселелер бар. Алайда «халықаралықтерроризмнен» конструктивті қауіп жасап, секьюритюзациялау, бұл аймақта кімгеқандай пайда әкелетінін өз уақытында көреміз деп ойлаймын. ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАНТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУГЕ БӨЛІНІП ЖАТҚАН ҚАРЖЫМЕН, ОНАН КЕЛІП ЖАТҚАНҚАРЖЫЛЫҚ ЗАРДАПҚА ҚАРАСАҢЫЗ, ТЕРРОРИЗМ ТАҚЫРЫБЫ ӨЗ АЛДЫНА «НАРЫҚ» ҚАЛЫПТАСТЫРЫПОТЫРҒАНДЫҒЫН КӨРЕМІЗ. Мына бір статитсикалық мәліметке қарайтын болсақ, 2000 –2016 жылдар аралығындағы «замануи терроризм» кесірінен әлемдік деңгейдегікелтірілген шығын көлемі беріліген. Соңғы жылдардағы Сирия жеріндегі қарулықақтығыстарды ескеретін болсақ, бұл көрсеткіштер арытпаса, кемімегені анық. Дінатын жамылған терроризм мен экстремизммен күресуге бөлініп жатқан қаржымен,онан келіп жатқан қаржылық зардапқа қарасаңыз, терроризм тақырыбы өз алдына«нарық» қалыптастырып отырғандығын көреміз. Және де осы терроризммен күресіпжатқан саяси күштердің ешбірі күресті өз территориясында жүргізіп жатқанжоқ.  Халықаралық терроризммен күрес, бұл жаңа геосаяси мүдделер менэнергетикалық ресурстарға салынған «инвестиция» болып отыр. Соңғы жылдардағыАҚШ пен Ресей арасындағы конфронтациялық көңіл күйлер, халықаралық терроризмгекүрескерлер санын тағы бір ойыншыға артқызды. Оған дәлел Сирия жеріндегі қарулықақтығысқа Ресейдің де «ашық» түрде терроризммен күресу үшін әлемдік деңгейдеәскери іс – қимылдарға барғандығы. Ендігі жерде бейбітшілік ұранымен Ресейдехалықаралық терроризмге қарсы батыл қадамдарға бара алады. Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімімен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында да Орта Азиядағы «замануи тероризмнің»қауіп – қатері өзектендіріліп келеді. Кейбір мемлекеттің басшыларының ауызыменде төніп келе жатқан «қауіп» жөнінде көптеп айтқызылуда.  Қандай да біркелісім мен серіктесіктің аясындағы достық болмасын, біз тәуелсіз жас мемлекетретінде сыртқы не ішкі болсын мәселерді пайдаланып кетуге болатын деструктивтіқалыптасуларға жол бермеуіміз керек. Сондықтан, «замануи терроризм» табиғатыменкүресте ескеретін жайттардың бірі, мемлекет әлеуметтік құрылым ретінде діндідұрыс түсіне алу керек. Соның ішінде ислам дінінің сүнниттік бағытындағытанымдарын. Себебі нақ осы ислам доктринасы ішінен терроризмге тапсырысберушілердің қажеттілігі өтелуде.

СнадинАсылбек, дінтанушы, тәуелсіз сарапшы.

Фото: alania.site

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега