Әлеумет

Зардап шеккен әр мақтааралдыққа өтемақы берілуі мүмкін

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әр тұрғынғамемлекет тарапынан өтемақы берілуі мүмкін.

Jasalash.kz

Дәлірегі осындай ұсынысты бүгін үкіметотырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев премьер-министр Асқар Мамингеайтты.

— Су елді мекендерден кеткен соң үйлерге кіріп, келтірілгеншығындарды есептеуіміз қажет. Содан кейін комиссиямен бірігіп үйлерді қалпынакелтірудің жолдарын қарастыру қажет. Ол үйлерде әртүрлі мүліктер қалды. Олмүлікке нақты  қандай зиян келгенінесептеу қиын. Сондықтан Арыстағы тәжірибеге сүйене отырып мүліктің шығынын өтеуүшін су тасқыны кезінде эвакуацияланған әр тұрғынға өтемақы беру қажет депойлаймын. Апат кезінде 7 мың гектардан астам егістікке шығын келді. Оны да өтепберуге көмектесуіміз керек,-деді Шөкеев.

Былтыр Арыстағы әскери қоймада болған жарылыстан зардапшеккен әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы берілген болатын.

Алдын ала есептеулербойынша апат кезінде 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 бала-бақшаны, 4 медицинанысаны мен 1 мәдениет үйін, 10 дүкенді су басты. Су Жеңіс ауылындағы көпірдіжәне республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автожолдарды шайыпкеткен.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега