Бұл туралы саясаткер facebook.com әлеметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Зәуреш Батталова ЖСДП-ның төрағасы Жармахан ТҰЯҚБАЙДЫҢ атына арыз жазғанын хабарлады. zhasalash.kz сайтының тілшісі Зәуреш Қабылбекқызынан бұндай шешім қабылдауының себебін білмек болған еді.
— Партия қатарынан шығу туралы нақты шешімді бүгін қабылдадым. Қазір асығыс еш нәрсе айтқым келмейді. Жуық арада мәлімдеме жасайтын боламын, — деп қысқа қайырды саясаткер.
«Қазақстанда парламентаризмді дамыту» қорының президенті 2017 жылы ЖСДП-ның XIII съезінде саяси партияның төралқа төрайымы болып сайланған еді. Партия төрағасы партиялық билігін бөлісіп, жаңа қызмет пайда болған еді.
Зәуреш Батталова Семей қалалық мәслихаты депутаты, (1989-1993) ҚР Парламентінің Сенат депутаты (1999-2005) болған еді.