Баған

«Зейнетке шыққанда мемлекетіме керексіз болып қалдым»

Қарағандыда бұрынғы полиция қызметкері сан жылдар бойы күткен пәтерін енді аламын дегенде оған зейнетке шығып қойғаны үшін баспана бермеген әрі кезектен алып тастаған.

Jasalash.kz

Батырбек МҰХТАРОВ1997 жылдан 2014 жылға дейін патрулдік полиция полкінде қызмет атқарған. Ол 2014жылы зейнеткерлікке шығып кеткен. Басында баспанасы болмаған Батырбек Мұхтаровмемлекеттік қызметкерлерге берілетін пәтер кезегіне 2005 жылы тұрып қойған. Жұмысжасап жүргенде жылдар бойы күтсе де баспанаға қол жеткізе алмапты. Оныңайтуынша, зейнетке шығар кезде қалалық әкімшіліктегі мамандарға барып, «зейнеткешықсам пәтер кезегі не болады?» деп сұрағанда, ондағылар «өтініш жазсаңыз болды»,деп мәлімдепті. Осыдан кейін полиция қызметкері зейнетке шығып алаңсыз жүреберген.

Батырбек МҰХТАРОВ

Аңсап күткенбаспана туралы жақсы хабар 2018 жылы Қарағанды қаласының әкімдігінен келген. Әкімшіліктенкелген хатта «Бирюзов көшесі 58 үйден пәтер аласыз» деп көрсеткен. Баспаналыболамын деп қуанған ол шенеуніктер көрсеткен тізімдегі құжаттарды жинап тұрғынүй қатынастар бөліміне барғанда мұндағылар «қазір қызметте болмасаңыз үйалмайсыз» деп төбесінен жәй түскендей қылған.

Осылайша бұрынғыполиция қызметкері зейнетке шығып қойғаны үшін берілейін деп тұрған пәтерге қолжеткізе алмаған. Баспана алмағаны аздай, оны шенеуніктер пәтер кезегінен алып тастаған.Бұл жайтты «әділетсіздік» деп тапқан бұрынғы полиция қызметкері сотқа жүгінген,алайда сотта да тауы шағылып қайтқан.

Айта кететінжайт 2006 жылы Батырбек Мұхтаров қаруланған қауіпті қылмыскерді құрықтағаныүшін «ерлігі үшін» медальімен марапатталған.

— Пәтер беріледі дегенде қатты қуандым, үш баламен талайжыл пәтер жалдап жүрдік, бүгінде немерем бар, бірақ әлі де пәтерден пәтергекөшіп жүрміз. Мені зейнетке шығарғанда бір де бір маман айтпады ғой, кейінбаспана ала алмай қаласыз  деп. Тіптісудьяның өзі баспананы алып алғанша жұмыс жасай беру керек еді дейді. Кезіндебасымызды қауіпке тігіп, жұмыс атқарғанда керек болдық, енді қазір зейнеткешыққанда мемлекетке керек болмай қалғанымыз ғой, — деп қынжылады БатырбекМұхтаров.

Батырбек Мұхтаровтың адвокаты Ерлан БАЙДІЛДИНОВ мұндай жайттар заңмен реттелмегендеп есептейді.

— Заңда мұндай жайттар есепке алынбаған, біз мұны сотта даайттық, бұл маман қаншама жыл бойы еңбек етті, бірақ ескерілмеді. Біз тіптіқазір пәтер бер деп сұраған жоқпыз, ең құрығанда пәтер кезегінде қалдырудысұрадық, — дейді адвокат Ерлан Байділдинов.

Ал шенеуніктерболса «қызметтен кеттің, кезектен де шығасың, бұл заң аясында қарастырылған»деп мәлімдейді.

— Мұхтаров Батырбек жергілікті атқарушы органда 2005жылдан бастап кезекте тұрды. Қазіргі таңда ол кісі қызметтік жұмыстан шығыпкетті. Сол себепті Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралызаңының 73 бабына сәйкес «кезекте тұрған азамат басқа жаққа қоныс аударсанемесе қызметтік орнынан босаса кезектен шешіледі», деп жазылған. Кезектен тектолық емес отбасылар, көп балалы аналар мен жетімдер үйінің түлектері баспанаалғанша шығарылмайды, - дейді Қарағандықаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі бастығының орынбасары Әсет АЛДАБЕРГЕНОВ.

17 жыл полицияқызметінде жүріп, соның 13 жылын пәтерін күтумен өткізген бұрынғы полицияқызметкерінің осылайша үміті ақталмады. Енді ол қайтадан құжат жинап, пәтеркезегіне тұрады, алайда бұл кезекте Қарағанды қаласы бойынша 7 мың адам тұр.

Фотолар автордікі.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега