Саясат

Зеленский: Украинаға 160 әскери ұшақ қажет

Португалияның RTP телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері және 2024 жылы президент сайлауы өтетін жағдайда екінші мерзімге үміткер болуды жоспарлап отырғаны туралы айтты.

Jasalash.kz

Киевтің әскери ұшақтарға деген қажеттілігі батыс елдерінің осы уақытқа дейін уәде еткенінен әлдеқайда жоғары. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский португалиялық RTP қоғамдық-құқықтық телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Украинаға қуатты әуе күштері үшін барлығы 160-қа жуық әскери ұшақ қажет», — деді Зеленский.

Бұл Украина қарулы күштеріне тағы 100-ге жуық ұшақ қажет деген сөз. Егер олар ұсынылса, бұл Ресейді Украинаның әуе кеңістігінде үстемдік ету мүмкіндігінен айырады, деді қосты Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, Украинаға «50 немесе 60» F-16 жойғыш ұшақтары уәде етілген.

Зеленский екінші мерзімге сайлауға түсуге дайын

Сонымен қатар, Зеленский келесі президенттік сайлауда екінші мерзімге түсуге дайын екенін мәлімдеді.

«Егер соғыс жалғасып, 2024 жылы сайлау өтсе, мен өз елімнен ешқашан кетпеймін. Әлемдік демократия бізді қолдайды деп ойлаймын», — деді ол.

Бұл ретте Украина президенті Украина заңы бойынша соғыс жағдайында сайлау өткізу мүмкін еместігін тілге тиек еткенімен, заңға өзгеріс енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Сонымен бірге ол сайлаудың толығымен Украина аумағында өтуін және шетелдегі украиндықтардың дауыс бере алуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мен барлығының заңды әрі ашық болғанын қалаймын», — деді Украина мемлекетінің басшысы.

Бұған дейін Владимир Зеленский сайлауды Батыс қаржыландырса ғана соғыс аяқталғанға дейін өткізуге болатынын айтқан. Сонымен қатар, ол бірқатар қиындықтарды, атап айтқанда, әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аймақтарда тәуелсіз мониторинг жүргізуге қатысты мәселелерді атап өтті.

Дания, Нидерланды және Норвегия Украинаға ондаған F-16 жойғыш ұшағын беруге уәде берді. Сонымен қатар, бірнеше батыс елдері украиндық ұшқыштар мен әскери авиацияға қызмет көрсететін мамандарды оқытып жатыр.

Т. Раушанұлы
Тегтер: Без Тега