«Зеленскийді жеңісімен құттықтамаймын»
Халықаралық КВН клубыныңпрезиденті Александр МАСЛЯКОВ бұрынғы КВН ойыншысы Володимир ЗЕЛЕНСКИЙДІпрезиденттік сайлаудағы жеңісімен құттықтамайды.
Масляков бұл пікірін «Комсомольская правда» радио станциясына берген сұхбатында айтқан.
«Зеленский менің құттықтауыма мұқтаж деп ойламаймын. Меніңше, ол өзінше мен де өзімше өмір сүріп жатырмын. Оның КВН ойнағаны өткен өмірінің еншісінде қалды ғой. Менің құттықтағаным орынсыз болады», — деді Александр Масляков.
Украина халқы сайлап отырғаналтыншы президент Володимир Зеленский 1998-2003 жылдар аралығында ресейлікКВН-нің жоғарғы лигасында «95-ші квартал» атты командасымен өнер көрсеткен. Солжылдары Мәскеуде өмір сүріп шоу-бизнесте таныла бастады.
Володимир Зеленский 1978жылы 25 қаңтарда Украинаның Криво Рог қаласында дүниеге келген.
Фотолар: twitter.com, stuki-druki.com