Саясат

Зеленский Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Украина президенті Владимир Зеленский Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен 31 қазанда Ыстанбұлға жұмыс сапарымен барады.

Фото: ашық дереккөзден

Екі ел басшысының кездесуі барысында Украина мен Түркия арасындағы ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран мәлімдеді.

Оның айтуынша, келіссөздер күн тәртібіне екіжақты байланысты одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелер енгізілген.

Кездесуде Ресей мен Украина арасындағы соғысқа және Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік жағдайына ерекше назар аударылады.

Сайт Әкімшілігі