Саясат

Зеленский: Қытай Ресейге қару сатпаймын деді. Көреміз...

Украина президенті Владимир Зеленский Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Ресейге қару бермеуге уәде бергенін айтты, деп жазады DW басылымы.

Фото: Reuters

«Мен Қытай басшысымен телефон арқылы сөйлестім. Ол Ресейге қару сатпайтынын айтты.Көреміз. Егер ол лайықты адам болса, қару сатылмайды. Өйткені ол маған өз уәдесін берді», - деді Зеленский Италиядағы G7 саммиті аясында АҚШ президенті Джо Байденмен өткен баспасөз мәслихатында.

Ал, 22 мамырда Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шаппс Қытайды Ресейге өлтіретін қару-жарақ жеткізіп отыр деп айыптады.

«Бүгін бізде Ресей мен Қытайдың Украинада қолданылатын қару-жарақ саласындағы ынтымақтастығы туралы дәлелдер бар екенін айта аламын», - деді Шаппс.

Сондай-ақ Германия мен АҚШ билігі Қытайды Ресей Федерациясымен санкцияларды айналып өту бойынша ынтымақтастықтан аулақ болуды ескертті. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Бейжің Мәскеуге әскери мақсаттағы геокеңістіктік барлау деректерін, сондай-ақ әскери өнеркәсіпке қажетті микроэлектрониканы, танктер шығаратын машиналар мен зымырандарға арналған отынды береді.

Nurbike Beksultan